“АҚ КӨЙЛЕК, ҚЫЗЫЛ КҮРЕК..”

889

Шымкентті көркейтуге үндеген “НұрОтандықтар” бүгін қолына күрек ұстап, ағаш көшетін егіп, жақсылыққа бастамашы болды. “Нұр Отан” партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Жанар Бектаева жастарды игі іске үндеп былай деді:
“Жылдағы дәстүр бойынша Шымқалада саябақтарды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары басталып кетті. Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының белсенділері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, сонымен бірге қаламыздың жалынды жастары бірігіп, А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Таза қала» акциясы аясында ағаш көшеттерін ектік.

Қаламыздың көрікті де саялы, таза болуы өз қолымызда! Әрбір тұрғын, әрбір азамат осы жауапкершілікті жеткілікті сезініп, үшінші мегаполиске лайықты шаһарымызды шырайлы етуге ұмтылайық-дейді Жанар Бектаева.

ARA24.kz ақпарат агенттігі