АЯЛДАМАЛАР САП ТҮЗЕУДЕ

72

Сауран ауданының орталығы Шорнақ елді мекенінің орталық көшесіне аялдамалар қойылып, қазақы нақыштағы оюлармен безендірілуде. Аялдамаларға ескі қалашықтың суреті бейнеленіп, «SAURAN» эмблемасы жазылуда. Безендіру жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілуде.

Құрылғанына екі жыл болған аудан үшін жаңа дүние — үлкен жаңалық. Сауран ауданының келбетін жаңарту үшін жасалынып жатқан жұмыстар едәуір. Аудан орталығының  келбеті жаңарғанымен тарихи көрінісі маңыздылығын жоймайды. Басшылық осы мәселеге аса ден қоюда.

Ендігі мәселе, жасалынып жатқан жұмыстарға құрметпен қарау тұрғындарға сын. Әрбір мүлікті көздің қарашығындай сақтап, күтіп ұстауды сұранамыз. Туған жерді түлету сіз бен біздің міндет!

Алдағы уақыттарда елді мекен ішіндегі өзге де аялдамаларға атаулар берілетін болады. Алғашқы аялдама «Қос мезгіл».