СПОРТТЫҚ ЖЕТІСТІГІМЕН ӨЗГЕГЕ ҮЛГІ

154

Бүгінгі таңда бұл мектепте басшылық етіп келе жатқан Сержан Оспанұлы Шокаманов туралы айта кететін болсақ, Шокаманов Сержан Оспанұлы «Қаражон» шағын жинақталған жалпы орта мектебінде 1991 жылдың қыркүйек айынан бастап еңбек етіп келеді. Өзінің біліктілігі мен ізденімпаздылығын оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануға, рухани құндылығы жоғары жас ұрпақ тәрбиелеу жолына арнаған дене шынықтыру пәнінің шебер мұғалімі. Дене шынықтыру сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді ықпалдастыра отырып пайдаланып, оқушылардың дарындылығы мен таланттылығын тереңдете түсу жолында жаңашыл қырларынан танылған. Сонымен қатар өз сабақтарында оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін арттыруға, топтық, жұптық ойындарда топ мүшелеріне қолдау көрсетуге, ынтымақтастық орта құруға және бірлескен жұмыс жасауға жұмылдыруға зор еңбегін сіңірген. Қазіргі заман талабына сай кез-келген жаңаша өзгерістердің қолдаушысы болып, өз тәжірибесінде білім беру жүйесін жандандыру жолында тиімді жұмыстар жүргізіп келеді. Осындай жұмыстарының нәтижесінде оқушыларының жеткен жетістіктері де бар.

2012 жылы желтоқсан Түркістан қалалық білім бөліміне қарасты мектеп оқушылары арасында өткізілген дойбы жарысында жүлделі 1орын алғаны үшін Ағалова Жансая мақтау қағазымен марапатталған. 2014 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалында «Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру» бойынша курстан өтіп сертификатталған.

2015 жылы наурыз Қалалық білім бөліміне қарасты мектеп оқушылары арасындағы волейбол жарысында жоғары дәрежеде ойын көрсетіп жүлделі орын алғаны үшін марапатталған. «Шорнақ» жалпы орта мектебінде өткізілген «Дойбыдан» оқушылар арасындағы спартакиадада оқушысы Бектұрсынов Нұрлан 1орын алған. 2015жылы наурыз Қалалық білім бөліміне қарасты мектеп оқушылар арасындағы волейбол жарысында жоғары дәрежеде ойын көрсетіп ІІ орын алғаны үшін «Қаражон мектеп командасы» марапатталған. 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталған. 2016 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының грамотасымен марапатталған. 2016 жылы Үстел теннисінен Шымкент қалалық №6 теннис спорт түрлерінен МБЖСМ КММ-нің қысқы ашық біріншілігінде II-орын алғаны үшін Жақсылық Ермек марапатталған. 2016 жылы «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 2016жылы Шалдар ауылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақ күресінен 2001-2002 жж жасөспірімдер арасында өткізілген «№4 БЖСМ-нің» ашық біріншілігінде ІІ орын алғаны үшін Мұсахан Тілеухан марапатталған. 2017 жылы Белбеу күресінен 2002-2004 ж.т жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Оңтүстік Қазақстан облысының чемпионатында 57 кг салмақ дәрежесінде Тұрғанбай Гүлдана III-орын алған. 2017 жылы Қазақ күресінен 2000-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Оңтүстік Қазақстан облысының чемпионатында 57 кг салмақ дәрежесінде III орын алған. 2017 жылы 25 наурызда Шәуілдір ауылы Қараханқажы Сартбайұлын еске алуға арналған 2007 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында үстел теннисінен өткен облыстық ашық біріншілікте I орынды Шариатулла Шалқар, II орынды Шариатулла Данел, III орынды Жақып Айбол иеленіп, дипломмен марапатталған. 2017 жылы наурыз Шымкент қаласы Қазақ күресінен «Қазақстан Барысының» күміс жүлдегері Жұманазар Ерсұлтановтың жүлдесіне арналған 2000-2001жылы туылған жасөспірімдер арасындағы ОҚО ашық турнирінде І орын алғаны үшін Сейдін Нұрдаулет дипломмен марапатталған. 2017 жылы 31 наурыз «Мәңгілік ел ұлттық идея ретінде» тақырыбына арналған «Дүниежүзілік тарихтың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жасалған үздік баяндамасы кітапқа енген, сертификаты беріліп алғыс хатпен мараптатталған.2017 жылы 7 сәуір Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ білім беру процесін басқару» тақырыбында курстан өтіп сертификатталған.