“ӘР ӨЛЕҢНІҢ АДАМ СИЯҚТЫ ӨМІРБАЯНЫ БОЛАДЫ…”

471


“Хан қызындай Ханбибі”-деп Көпен інісі көп еркелетуші еді. Еркелете отырып, еркелеуші еді. Бір Көпен емес, бүтіндей Алаш елі еркелеткен Ханбибі Есенқарақызы қандай қошеметке де лайық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жаңа жыл қарсаңында қазақтың аяулы ақын қызы Ханбибі Есенқарақызы — Мемлекеттік стипендия иегері атанды. Сүйінші жаңалықты ести сап, Хан апамды телефонмен құттықтадым. “Жол-жөнекей” сұхбатында “әр өлеңнің адам сияқты өмірі болады”- дегені бар еді. Өлеңін өрнектеп, халқына өміршең туынды сыйлаған Ханбибі Есенқарақызына құтты болсын айтып, қазағының бағына аман жүруін тілейміз.


Ерсұлтан Әмірбек
Журналист
“ARA24 — ақпарат”