Құрметті, Шымкент қаласының тұрғындары!
Баршаңызды келе жатқан 2024 Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл халқымызға құт -береке, жанұяларыңызға шаттық әкелсін.
Халықты әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселесі қашанда мемлекеттің ерекше назарында.
Ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен берекесі жарасқан еліміздің дамуы жолында әлеуметтік сала мамандары әрдайым өздеріңізбен етене қызмет етуге бармыз. Біз үшін халықтың сенімі қымбат.
Келер жылға қаламыздың әлеуметтік әлеуетін жақсартуға бағытталған жұмыс жоспарларымыз да ауқымды. Бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.
Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы
Өтебаева Жанат Өмірсейітқызы!