МАҚСАТ ТАҢҒАТАРОВ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

136

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров аудан аумағындағы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті. Кездесуге кірістер басқармасы, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, төтенше жағдайлар бөлімі, статистика басқармасы және шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

Кездесуде шағын және орта бизнес өкілдерінің ауданға тіркелуі, жалпыға бірдей декларациялау, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды туралы, қауіпсіздік бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша мәселелер қаралды.

“Елімізде шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде мемлекеттік тұрғыдан басымдық беріліп келеді. Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 7 мыңға жетіп отыр. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Сонымен бірге, шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың тиімді әрі нәтижелі секторы. Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады. Сондықтан сіздермен бірлесіп жұмыс жасауға, әрқашан қолдауға әзірмін”, — деді аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы.

Кездесуде төтенше жағдайлар бөлімінің бас мамамы Нұртас Қасым, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы Айсара Төлешова, кірістер басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Исабаев, статистика басқармасының басшысы Камилжон Нұрышов өз салалары бойынша шағын және орта бизнес өкілдерімен жұмыс жүргізудегі заңнамаға сәйкес, талаптарын кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, жиында кәсіпкерлер тарапынан тиісті мамандарға сұрақтар қойылып, оларға заң аясында жауап берілді.