ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ СЕРВИСТІК ТӘСІЛДІ ЕНГІЗУ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

45
 Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанынындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу бойынша комиссияның кезекті отырысы болып өтті.
 Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсіл — бұл азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізу және халықтың билік органдарына сенімін арттыру үшін мемлекеттік органдар мен қоғамның тығыз ынтымақтастығын білдіретін ұйымдастырушылық стратегия болып табылады.
 Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу бойынша комиссияның жұмыс жоспарымен танысып, тиісті бөлімдерге жұмысты жандандыру бағытында нақты тапсырмалар беріп, орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
 Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі