АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “САЛЫҚ ТӨЛЕУ — МІНДЕТ”

347

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен берешек салықтарды өндіру бойынша жиын өтті. Оған аудан әкімінің тиісті салаға жауапты орынбасары, бөлім басшысы, аппарат қызметкерлері, ауылдық округтердің әкімдері (бейне байланыс арқылы) аудандық салық басқармасының басшысы қатысты.

Жиында салық басқармасының басшысы жер, көлік, мүлік салығын өндіру және нысандарды бағалау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Өз кезегінде аудан басшысы салықты өндіруде атқарылып жатқан жұмыстардың өз деңгейінде жүргізілмей жатқанын сынға алып, салаға жауапты орынбасарына салық басқармасымен бірлесіп салықтық түсімдерді арттыру үшін нақты талдау жүргізуді, сонымен қатар өндіріс орны ауданның аумағында болып, тіркеуде басқа жақта болған компаниялармен жұмысты жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ, тіркелмей жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарды анықтауды, оларды заңдастыруды, коммерциялық нысандарды түгендеуді (дүкен, кафе, жанар-жағармай құю бекеті, дәріхана т.б.) міндеттеді. Нысандарды бағалау жұмыстарын жүргізу үшін нақты іс-шара жоспарын жасау қажеттігін айтқан аудан әкімі көлік салығын өндіру мақсатында рейдтік шараларды да күшейту керектігіне тоқталды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі