Антикор Еріктілер болашақ қаржыгерлерге мемлекет қаржысын үнемдеу тәсілдерін үйретті

98

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Еріктілері мемлекеттік сатып алу порталында мониторинг жүргізу барысында 16 млн теңге бюджет қаржысының негізсіз жұмсалуының алдын алды.
Еріктілер ашық платформалар арқылы мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізу барысында Қазығұрт аудандық «Жарық-жол және саябақтары» мекемесі шөп шабатын машинаның (бензокоса) 1 данасына 845 535,71 теңге тым жоғары баға ұсынғанын, ал Кентау қалалық білім бөлімі жанар-жағар майдың 1 литріне 295 теңге қойғанын, медиандық баға 263 теңге екенін анықтап, қазынаның 16 млн теңгесін үнемдеуге үлес қосты.
Жемқорлыққа қарсы Еріктілер Халықаралық Университеттің экономика факультетінің студенттеріне, яғни болашақ қаржыгерлерге мемлекеттік сатып алу порталында практикалық негізде мониторинг жүргізу тәжірибесімен бөлісті.
Студенттер мониторинг жүргізуді практикалық негізде мемлекеттік сатып алу порталында өткізілетін конкурстар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты ашық платформалар арқылы жүргізіп көрді.