44 МӘДЕНИЕТ ҰЙЫМДАРЫ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

314

Қазіргі таңда ауданда 44 мәдениет  ұйымдары халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Биылғы жылы Қарақұм ауылдық мәдениет үйінің  құрылысы бітіп, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Бадам ауылдық мәдениет үйінің құрылысын бастауға жоба әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба құны 631 млн. теңге. Қаржыландыруға салалық басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылды.

Одан бөлек, Бөген ауылдық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба әзірленуде.