ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 35,5 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАП ОТЫР
Қазіргі уақытта ТАБИҒИ ГАЗБЕН 57 елді мекеннің 16-ы қамтылған, елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 35,5 пайызды құрап отыр.
Жыл соңында 7 елді мекен газға қосылады.
Нәтижесінде елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 21,6 пайыздан 35,5 пайызға жетті.
Сонымен қатар, 8-нысанның (Қараспан, Бейсен, Мақташы, Ақжол, Жамбыл, Бірлік газ жеткізуші, Батыр ата және Бірлік) құрылыс жұмыстары аяқталып, қысымдау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында табиғи газбен қамту жоспарлануда 43% артады. (жалпы 23 е.м. жоспарланған).
2024 жылға арналған міндеттер:
11 елді мекеннің (Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай, Шұбарсу, Бөген, Еңбекші, Көкарал, Аманкелді, Көлтоған, Төреарық) құрылысы 2024 жылдың қыркүйек айында аяқталады.
3 нысан немесе 2 елді мекенге (Жеңіс жоба құны 1 531 404,0 мың теңге, Көктөбе жоба құны 324 581,0 мың теңге және Көкарал газ жеткізуші жоба құны 289 812,0 мың теңге) жалпы жоба құны 2 145 797,0 мың теңге 2024 жылға 350 000,0 мың теңге қаржы қаралып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталуда.
Сонымен қатар, 10 елді мекенге жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, салалық басқармаға ұсынылды.