ШАҢЫРАҚ КҮНІ: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ДӘРІПТЕЛДІ

224

Шымкентте наурыз мерекесін тойлаудың онкүндігі – “Шаңырақ” күнінде «Бақытты жанұя» орталығында ерекше іс шара өтті.

Мерекелік іс шарада наурыз мерекесінің тарихын, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпынан сыр шертетін әңгімелер айтып, отбасы құндылығын берік етудің жолдарын талқылады.

Мерекелік кеш барысында орталық директоры Абибулла Қалымбет отандасқанына 50 жыл толған Көмектес Қалтаев және Батпа Қалтаеваны “Алтын шаңырақ” иегері, ал, Бахтияр Баратов пен Гүлбахира Сейтованың шаңырақ көтергеніне 25 жыл толуына орай “Күміс кереге” номинацияларымен құттықтап, қоғамдағы отбасы институтын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

Ұлыстың ұлы күнінде мерекелік іс-шараға қатысушы жаңадан шаңырақ көтерген Күлтегін Дос пен Гүлжамал Сейдуалиевның неке қию рәсіміне куә болды. Тұран ауданы АХАЖ бөлімінің басшысы Дана Байжомартова жас жұбайларға ресми түрде неке куәлігін тапсырды. Ақсақалдар жаңадан бас құраған жас отау иелеріне ақ батасын беріп, бақыт тіледі.

Мерекелік іс-шарада дәстүрлі ән мен жырдан шашу шашылып, орындалған күй термелер тыңдарманға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.