СОЗАҚТА ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА КИЕЛІ МЕКЕНДЕР ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

42

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығында Созақ ауданындағы киелі мекендерге тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудандағы Жартытөбе ауылдық округінің мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары акцияға белсенді түрде қатысуда. Атқарылған жұмыстар барысында Бабата елді мекенінде орналасқан Ысқақ баб кесенесінің қоршаулары ретке келтіріліп, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

Сонымен қатар, аумақтағы саябақтар мен балалар ойын алаңшалары, көпірлер мен қоқыс полигоны ретке келтірілді. Акция басталғалы бері Жартытөбе ауылында 1 500-ден астам қара тал мен 100 түп арша ағашының көшеттері отырғызылды. Бұдан бөлек, аудандағы 22 балалар және 18 спорт алаңшалары ретке келтіріліп, 485 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылған. Сондай-ақ, аудан аумағын көгалдандыру мақсатында әлеуметтік нысандар мен саябақтарға жалпы саны 25 000 түп тал көшеттері отырғызылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі