ЖЕТІСАЙДА ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУҒА АҚСАҚАЛДАР ДА АТСАЛЫСАТЫН БОЛДЫ
Жетісай ауданында күннің көзі көрінісімен қызу тіршілік басталады. Ауыл-аймақтарда жүргізілетін тазалық жұмыстары бүгінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес күнделікті ұйымдастырылуда.
Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов аудандағы санитарлық тазалық жұмыстарына жауапты сала мамандарымен бірге Жетісай қаласы мен Асықата кентінде, Жаңа ауыл, Абай, Ж.Ералиев, Қызылқұм және Мақталы ауылдық округтерінде болып, ауыл билерімен, учаскелік полиция инспекторларымен кездесті. Елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау мәселелерін кеңінен талқылады.
Кездесу барысында ел ағалары тазалық жұмыстарын бір қалыпқа келтіру бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, жастарды табиғатқа қамқорлық жасап, айналаны күл-қоқыстан тазартуға, көпшілік орындар мен адамдар жиі жүретін жерлерде тазалықты сақтауға, санитарлық талаптарды орындауға жұмылдыруда ауыл әкімдеріне қолдау көрсетіп, біргелікте жұмыс жүргізетіндіктерін айтты.