БӘЙДІБЕКТЕ ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫНА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

0
569

«Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Бәйдібек ауданындағы киелі мекендерді абаттандыру жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Аудандағы Бәйдібек ата кесенесі, Аппақ ишан сәулет-көркем мұражайы, Ақмешіт үңгіріне сенбіліктер ұйымдастырылып елді мекендердегі ескерткіштер жаңалануда.

Бәйдібек ауданының прокуроры Мәди Байтелиев, прокуратура қызметкерлері, №19 колледж студенттері және аудан жастарымен бірге Домалақ ана кесенесінің аумағына көшеттер екті.

Сонымен қатар Домалақ ана бұлағының аумағына сенбілік ұйымдастырылып, талдардың түбін әктеу, қураған ағаштар мен қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілді.