«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА ІССАПАРМЕН БАРЫП, ЭКОАКЦИЯҒА АТСАЛЫСТЫ

93

Бүгін Қазығұрт ауданына «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Үмбеталиев, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Әшіровтар арнайы іссапармен барды

Халық қалаулылары аудан әкімі Азизхан Исмаиловпен бірге Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың бастамасымен республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Атқарылып жатқан істерге жоғары баға беріп, қолдан келгенше көмекті аянбайтынын, елдің тазалығы, экологиялық мәдениетті қоғамда қалыптастырудың мәні жоғары екенін тілге тиек етті.

Облыстық мәслихат депутаттары А.Үмбеталиев, Н.Әшіров және аудан әкімі А.Исмаиловтар ата салтты жалғастырып, көшет отырғызу шарасына қатысты.