«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 5000-НАН АСТАМ ТҰРҒЫН ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

109

Бүгін Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, қала тұрғындарын бұдан әрі де игі бастаманы қолдауға шақырды. Жергілікті әкімдіктің құрылымдары, барлық мемлекеттік мекемелер, белсенділер мен еріктілер де бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар өз аулаларын тазартуға белсене атсалысып жатыр.

Сенбіліктің мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сонымен қатар әрбір азамат облысымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу. Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.

40 орында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 175 тонна қоқыс шығарылды. Жалпы 5 мыңнан астам адам сенбілікке қатысып, 25 техника жұмылдырылды. Бұдан бөлек ағаштар әктеліп, саябақтар мен алаңшалар ретке келтірілді. Көп қабатты тұрғын үй аулалары тазартылды.

Айта кетейік, 10 сәуір мен 11 мамыр аралығында Түркістанда «Таза өлке – Түркістан» науқаны өтеді. Әр аптаға арнайы ат беріліп, түрлі бағытта экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылады.