ҚАЗАҚСТАНДА АЭС САЛУ НЕМЕС САЛМАУ МӘСЕЛЕСІ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ АРҚЫЛЫ ШЕШІЛЕДІ

62

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесін талқылау мақсатында Шымкентте қоғамдық талқылаулар өтті.
Талқылауларға өңір тұрғындары, қоғамдық кеңес мүшелері, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК, БАҚ, Қазақстанның Азаматтық альянс өкілдері және т.б. қатысты.
Жалпы, Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылды. Бірақ, Президент Жолдауда АЭС салу немесе салмау мәселесі жалпыхалықтық референдум арқылы шешіледі деген болатын.
Сондай-ақ, Президент референдумды өткізу уақыты кейінірек анықталатынын атап өтті. Референдум өткізу тәртібі 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен реттеледі.
Осыған орай, қоғамдық талқылауға қатысуға ниет білдіруші барлық азаматтарды шақыруға арналған тиісті хабарландыр ресми сайтта жариялады. Жергілікті БАҚ өкілдері, блогерлер және қоғам белсенділері ой пікірлерін білдірді.
Онда АЭС-тің экологияға, адамдардың денсаулықтарына, табиғи-климаттық факторлардың атом электр станцияларына әсері, экономикалық факторлар, инфрақұрылымды дамыту, АЭС-тің шағын және орта бизнесті дамытуға әсері, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелері туралы жан-жақты айтылып, қатысушылармен талқыланды.
Сонымен қатар күн тәртібіндегі мәселе бойынша Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Төлебаев, ардагерлер кеңесінің мүшесі Д.Шерімқұлов, қоғам белсендісі Е.Сатқанбаев және мемлекет және қоғам қайраткері О.Рахманбердиевтер спикерлердің айтқан мәселелеріне қолдау көрсетіп, өз ой пікірлерімен бөлісті.
Қала тұрғындары тарапынан АЭС құрылысын салудағы әлеуметтік-экономикалық аспектілерге кері әсері мен пайдалы тұстары туралы да толғандырып жүрген сауалдарға спикерлер тарапынан жан-жақты түсінік берілді.