ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫНА «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

101

Бұл жайында брифингте Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Пердебек Есқұлов мәлімдеді.

«Бүгінде өңір жастарының «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасы арқылы оқуға түсу мүмкіндігі өте жоғары. Оған дәлел — өткен жылы бағдарлама бойынша республикаға бөлінген 3 653 гранттың 983-не Түркістан облысының талапкерлері ие болды. Олар еліміздегі 18 жоғарғы оқу орындарына жолданды. Қазіргі таңда Түркістан облысының аудан-қалаларында бағдарлама бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Осы ретте А.Мырзахметов атындағы Көкшетау өңірлік университеті кезекті іс-сапар барысында Отырар және Бәйдібек аудандарының жастарымен кездесіп, оқуға түсуге шақырып жатыр.

Негізінен серпіндіктердің 70-90 пайызы тұрақты жұмысқа орналасады»,- дейді Пердебек Сержанұлы.

Сондай-ақ, брифинге қатысқан А.Мырзахметов атындағы Көкшетау өңірлік университетінің «Серпін жобасы және оңтүстік өңірлерден келген жастармен жұмыс» тобының басшысы Күлзия Тобатаева аталмыш оқу орнының бағдарламаға қатысқанына биыл екінші жыл екендігін айтты.

«Қазіргі таңда оқу орнында оңтүстік өңірінен 45 студент бар. Бүгінде университет бакалавриаттан — 27, магистратурадан — 14, PhD-докторантурадан — 2 мамандық бойынша оқытады. Одан бөлек, студенттер үшін қолайлы, заманауи жабдықталған екі жатақханасы бар», -деді Күлзия Тобатаева.