МАҚТААРАЛДАН 80 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК БАТЫC ӨҢІРЛЕРІНЕ ЖІБЕРІЛДІ

125

Мақтаарал ауданынан 80 тонна гуманитарлық көмек Батыс өңірлеріне, оның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының су тасқынынан қатты зардап шеккен елдімекендеріне жіберілді.

Су тасқынының алғашқы күндері шұғыл түрде 6 газель көлігімен 20 тонна гуманитарлық көмек жөнетілген болса, 60 тонна гуманитарлық көмек тиелген 2 үлкен жүк көлігі жолға шықты.

«Күшіміз бірлікте» деп ұрандатқан Мақтаарал ауданының тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, мектеп, балабақша тағы басқа мекемелердің ұжымдары, қоғам белсенділері және еріктілер екі күннің ішінде Мырзакент пен Атакент кентіне қойылған жүк көліктерді заттарға лық толтырды. Гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, төсек-орын, ыдыс-аяқ, гигеналық заттар сияқты өмір сүруге ең қажетті заттар бар.

Айта кетейік, су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге жекелеген елдімекендердің, еріктілердің бастамасымен де түрлі гуманитарлық, ақшалай көмектер де жіберілуде. Оның ішінде 2020 жылы тасқын судан зардап шеккен Өргебас, Жеңіс, Фердауси елдімекендері белсенділік танытуда.