“ӘЙТЕНОВ ОБАЛ-САУАПТЫ БІЛЕДІ МЕ?…”

794

Әр жыл сайын әкімдер әрқилы медал және түрлі номинациямен журналистерді мадақтап-марапаттайды. Ал, Шымкенттегі биылғы марапаттың жөні бөлектеу болған секілді. Нағыз нарқасқалар марапатталды. “Қазақстанның Құрметті журналисі” төсбелгісі Бекзаттар Дінәсіловке бұйырды. Атақ қумайтын адамды әкім Әйтеновтің өзі “қуып ұстап” мерекеде марапат көрсеткені көңіл қуантты. Ардагер журналист Байдулла Қонысбек пен Асхан Майлыбаевны “Еңбек ардагері” ретінде ардақтауы қуаныш болды. Сосын Айгул Мамыт, Балтабек Түйетай, Жәмила Мамырәлі секілді сақа журналистердің “Ақпарат саласының үздігі” медалін иеленуін көріп және Талғат Балтабаев басқаратын өткір тілді “Уақыт” газетінің “Үздік басылым” атануына және марапат төрінен өткір ой, өжет мінезді Бейсенкүл Нарымбетова, Малика Абдалиева, Анар Сүлеева, Сәуле Әбілдаханқызы, Айгерім Жұмағалиева, жас буын Бағлан мен Гүлжаухар сияқты қарындастарымның көңілі өскенін көріп, мерекелік марапатқа ішім жылып қалды. Сосын ”Ойпырмай, әкім Әйтенов обал-сауапты біледі екен-ау”-дестік әріптестер . Бірақ, Әйтенов әулие емес, ақылман идеологы Шыңғыс Мұқан мен ішкі саясат басшысы Мәди Манатбектің екеуінің “ұңғыл-шұңғылды” білетін журналист болуының септігі барын сезем. Өйткені, Қазақ радиосының 100 жылдығын Шымкентте дүркіретіп өткізуге Шыңғыс Мұқанның шыр-пыры шығып жүгіргенін білем. Әрине, журналистер мерекесінде Бекзаттар ағам секілді бекзат болмысты лайықты журналистердің ұсынылып-марапатталғаны Шымкент қалалық Журналистер одағының филиал төрағасы Уәли Қыдыр үшінде үлкен абырой! Оны Уәлиде түсінсе керек. Әйтпесе, Уәли Қыдырдың “алпыс апасы, жетпіс жездесі” бар және бүйрегі бұра тартып берем десе, өз ұжымы тағы бар… Айтапқшы, өз басым Нұрғазы Бұқарбаев басқаратын Қоғамдық кеңестің бір мүшесі ретінде Шымкенттің бекзат журналисі Бекзаттар Дінәсіловке “Қазақстанның Құрметті журналисі” атағын әперуге (әпергізуге) “Жол-жөнекей” себепші болып, атсалысқаным үшін Аллаға шүкір деймін. Бекзаттарды қадірлейік деп ой-тамызық жасағаным үшін қазақ журналистикасының қара нары Серік Жанәбіл, Ертай Бекқұл, Слам Нұрмаханбет, Балтабек Түйетай, Әсет Әссанди, Айгүл Мамыт, Базаркүл Қалбыр секілді аға буын әріптестерден Алғыс сөз есту мен үшін ең үлкен қуаныш болды.

Ерсұлтан Әмірбек
Журналист, Шымкент қаласының Қоғамдық кеңес мүшесі