ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

104

«Таза Қазақстан» акциясы аясында жастардың атсалысуымен Шымкент қаласында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

«Өнегелі ұрпақ» акциясында «Өнегелі ұрпақтың ізгілігі» ұранымен жастар мен еріктілер қаланың бес ауданындағы жалғызілікті қариялар мен ардагерлердің үйлерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 470 — ке жуық жас қатысты.

Жастар мен еріктілер Абай ауданындағы жалғызілікті қария — С.Болатбековтың, И.Диханбаеваның, А.Тұрғанбековтың үйлерінде, Әл-Фараби ауданында — Л.Печенкина, К.Панкина, Еңбекші ауданында – А.Педенко, В.Казанджиди, Қаратау ауданында М.Шанкөзова, Д.Мырышов, Тұран ауданындағы – Б.Тулгаева мен Б.Мамырованың үйлеріне барып, аулаларын тазалап, қоқыстарын шығарды. Сондай-ақ абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, басқа да қажетті көмектер көрсетті.

Аталған іс-шараға жастармен қатар, Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Ұ.Башенов, ауыл биі – Р.Анарметов, Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – И.Рысбай, Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – З.Жайшыбеков, қалалық мәслихат депутаты – А.Елшиева, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – А.Тоқмағанбетов, «AMANAT» партиясының аудандық төрағасы – Р.Әбдез, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Ә.Сатыбалды, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы – Ж.Бектаева және т.б. белгілі азаматтар қатысты.
— «Бүгін «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында қаламыздың жастары жалғызілікті қариялар мен аргерлердің үйлеріне келіп, тазалық жұмыстарын жүргізіп, қамқорлық танытуда. Бұл өте жақсы өнегелі іс деп білеміз. Қарияларымыз ерекше қуанышқа бөленіп алғыстарын айтуда. Біз өз кезегінде жастарға үнемі жақсы тәлім-тәрбие беріп, өнеге көрсетудемі және алда да осы жұмыстарды жалғастыра береміз», — дейді Абай ауданының ауыл биі Р.Анарметов.

Аталған тазалық акциясына сәйкес Әл-Фараби ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлер аулаларына, соғыс және тыл ардагерлердің үй аулаларына санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық жұмыстарына ауданның тұрғындары, ақсақалдары, ерікті жастар және аппарат қызметкерлері белсенді атсалысып қатысты. Апталықта шөптерді ору, ағаштарды қырқу, әктеу, иригациялық жүйелер мен аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы санитарлық тазалық іс-шарасына 21 арнайы техника, 300 — ден астам адам жұмылдырылды.

«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу және т.б. жұмыстар әрі қарай жүргізіліп, қарияларға құрмет жалғасуда.