ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖАЛПЫ 33 СПОРТТЫҚ ҰЙЫМ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ. АТАЛҒАН МЕКЕМЕЛЕРДЕ СПОРТТЫҢ 74 ТҮРІ ДАМЫҒАН

58

2024 жылға жергілікті бюджеттен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасына 2 866,0 млн. теңге қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасында 109 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтіп, спорттың 17 түрінен 195 секцияда 12 024 бала спортпен айналысуда.

Қаламызда №12 спорт мектебінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың мамыр-маусым айында пайдалануға беру жоспарлануда. Оған қоса №15 спорт мекептің спорт нысанының құрылысы биылғы жылдың сәуір айында басталды.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында бой көтерген «ЕЛАМАН» спорт кешенін пайдалануға берілу жоспарлануда. Аталған спорт кешенінде спорттың ойын, жекпе-жек түрлеріне арналған 3 спорт зал және 1 бассейн орналасқан.

Оған қосымша «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жоғары спорттық жетістіктер бойынша 2024 жылдың 4 айдағы жеткен нәтижелер туралы айтар болсақ, қала спортшылары спорттың бірнеше түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 254 алтын, 195 күміс, 249 қола медаль еншілеген. Бүгінде қоржынымызда жалпы саны 698 медаль бар.

2024 жылы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына шымкенттік 11 спортшымыз жолдама жеңіп алды. Атап айтқанда:

Нысана көздеуден Никита Чирюкин;

Бокстан Сабырхан Махмуд;

Таеквондодан Абабакиров Самирхон;

Семсерлесуден Алимжанов Эльмир мен Сертай Ерлік;

Стенд атудан Мария Дмитриенко;

Байдарка және каноэ есуден Сергей Емельянов, Руфина Искакова, Сергей Токарницкий;

Грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов;

Көркем гимнастикадан Эльжана Таниева.

Алдағы уақытта грек-рим күресі, стенд ату және нысана көздеу спорт түрлерінен Олимпиада ойындарына 3 жолдама жеңіп алу жоспарланып отыр.