АКЦИЯ АЯСЫНДА АУДАНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында ауданда ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Орталық саябақта өткен сенбілікке аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішев, облыстық мәслихаттың депутаттары Дулат Әбіш, Ғани Раимбеков, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, аудан әкімінің орынбасарлары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйым өкілдері, салалық бөлімдердің, мекемелердің қызметкерлері және жастар қатысты.
Шара барысында 20 түп декоративті ағаш көшеті отырғызылып, 300-ден астам талдың түбі ақталды және темір қоршаулар сырланды.
Өз кезегінде аудан әкімі Түркістаннан
ат терлетіп келген халық қалаулыларына “Таза Қазақстан” акциясы аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.