«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

30

«Таза Қазақстан» эко акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығында Ордабасы ауданына қарасты ауылдарында сенбіліктер ұйымдастырылуда. Сенбілік барысында саябақтардағы ағаштар әктеліп, жол бойындағы ғимараттардың қасбеттері сырланды.

Сонымен қатар, орталық көшелердегі аялдамалар реттеліп, көше бойларында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, орталық негізгі көшелерге жаяу жүргіншілер жолақтары қайта қалпына келтірілді.

Акция аясында аудандағы елді мекенінде ұйымдастырылған ауқымды сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.