ШЫМКЕНТТІКТЕР СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

36

Шымкентте республикалық акцияның “Жасыл аймақ” апталығы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Сонымен қатар аудан әкімдіктері, басқармалар мен қала тұрғындары да “Таза Қазақстан” акциясына белсене атсалысты. Қаратау аудан халқы да акциядан шет қалмады. 30 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында шөп ору және ағаш қырқу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мыңнан аса азамат 10 шақырымнан аса жол жиегін қоқыстан тазартты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері сенбілікке шығып, әлеуметтік қызмет көрсеу орталығының маңын көгалдандырды. Әрі айналасына 100 түп ағаш отырғызды.

Ал, Абай ауданының әкімдігі мен тұрғындары ішкі орамдық көшелер мен магистральді көшелерде тазалық жұмысын жүргізді. Нәтижесінде аудан аумағынан 13 тонна қоқыс шығарылды.

Дін істері басқармасы және Тұран мен Еңбекші ауданының ұйымдастыруымен тұрғындар мазарат маңын бей-берекет қоқыстан тазартып, 300 көшет екті. Шараға аудан тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері және 10 арнайы техника жұмылдырылды.

Қаратау аудан халқы да акциядан шет қалмады. 30 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында шөп ору және ағаш қырқу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мыңнан аса азамат 10 шақырымнан аса жол жиегін қоқыстан тазартты.

Әл-Фараби ауданында ақсақалдардан бастап жас еріктілерге дейін жалпы саны 2000-нан астам адам сенбілікке қатысты. Олар ирригациялық жүйелер мен көшелерді қоқыстар тазартып, шөп қырқу, ағаш әктеу жұмыстарын жүргізді.

Қала әкімі барша тұрғындарды республикалық акцияға белсене қатысуға шақырды. Акция тағы екі апта бойы жалғасады. Таза Қазақстан-таза қаладан, ал таза қала-таза ауладан басталады. Демек, әрбір азамат шараға өз үлесін қосуы тиіс.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі