ORDABASY: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлімдердің және мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде бюджеттің кіріс бөлігінің, көктемгі дала жұмыстарының орындалуы туралы және төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша мәселелер қаралды.
Салалық бөлімдердің басшылары күн тәртібіндегі мәселер бойынша баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Өз кезегінде аудан басшысы тиісті жұмыстарда кемшіліктер барын айтып, сапалы орындау үшін нақты тапсырмалар берді.