АУДАНДЫҚ «DARYN ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

49

Аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Daryn интеллектуалды алаңы” интеллектуалдық сайысы өткізілді.

Сайыстың мақсаты — дарынды жастарды анықтау, танымдық қызығушылықтарын, білім деңгейлерін кеңейту. Білімге деген құштарлықты арттыру, жастарды табысқа жетер жолды білімнен іздеуге шақыру, елімізде зияткер буын қалыптастыру. Логикалық сұрақтарға жауап беру арқылы қысқа уақыт ішінде сараптан өткізуге дағдылану.

Сайысқа ауданның түкпір түкпірінен жас командалар бақ сынасып, 5 команда финалға өтті.

Финалға өткен командалар өзара сайысып, 4 команда алғыс хат және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Жеңіске жеткен командалар:

“Лаула” командасы, С.Нұрмағанбетов мектебі / 15 000 тг

”Құлагер” командасы, №18 колледж / 13 000 тг

”Бәйтерек” командасы, Бәйтерек мектебі / 7 000 тг

”Жалын” командасы “Үздік команда” номинациясы / 5 000 тг