«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: ОРДАБАСЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ӨЗЕН БОЙЛАРЫН ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТТЫ

44

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған республикалық экологиялық акцияға аудандағы барлық елді мекен тұрғындары белсене қатысып жатыр. Осы ретте «Таза Қазақстан» экоакциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында ордабасылық оқушылардың қатысуымен аудандағы Шұбарсу өзенінің бойында сенбілік өтті. Атқарылған жұмыстар барысында өзен бойлары қоқыстардан тазартылып, ретке келтірілді. Акцияға Шұбарсу ауыл округі, М.Исламқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Бүгінде Ордабасы ауданында акция аясында көгалдандыру және тазалық шаралары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Акция басталғалы бері түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, елді мекендер мен көшелер тазаланды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі