ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

142

Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильді орталығы» КММ-і директоры Ақмарал Жулаеваның 16.05.2024 жылғы №508 ж/қ бұйрығымен Ордабасы аудандық мансап орталығының директоры болып Абдихайымов Дынислам Бақытжанұлы тағайындалды.

Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильді орталығы» КММ-інің еңбек ресурстарын мониторингілеу және болжау бөлімінің басшысы Амангелді Қонарбай Амангелдіұлы орталық қызметкерлеріне жаңа басшыны таныстырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі.

Абдихайымов Дынислам Бақытжанұлы 28.03.1991 жылы Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында дүниеге келген. 2008-2012 жылдары Шымкент қаласындағы Қазақстан халықтар Достығы университетінде «Информатика» мамандығы бойынша білім алды.

Еңбек жолы:

2013-2018 жылдары – Ордабасы ауданы әкімі аппаратының инспекторы;

2018-2019 жылдары – «Ордабасы ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің кеңесшісі;

03.01-20.11.2019 жылы – «Ордабасы ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің жоғары санатты маманы;

2019-2020 жылдары – «Ордабасы ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің сектор меңгерушісі;

2020-30.06.2023 жылдары – «Ордабасы ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директордың орынбасары;

02.10.2023 жылдан бастап Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Ордабасы аудандық мансап орталығы филиалының жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

Ордабасы аудандық мансап орталығының баспасөз қызметі.