НҰР-СҰЛТАН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛАРЫНДА, ҚАРАҒАНДЫ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТАРЫНДА КАРАНТИНДІ ҚАТАҢДАТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

493

КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ 4 ӨҢІРДЕ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

ЕЛ БОЙЫНША ВИРУС ЖҰҚТЫРУ МЕН ӨЛІМ-ЖІТІМНІҢ 55%-І НҰР-СҰЛТАН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛАРЫНДА, ҚАРАҒАНДЫ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТАРЫНДА ТІРКЕЛІП ОТЫР. СОНДЫҚТАН КОМИССИЯ ОСЫ ӨҢІРЛЕРДЕ КАРАНТИНДІ ҚАТАҢДАТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ.

«ASHYQ»-ҚА ҚАТЫСАТЫН ОБЪЕКТІЛЕРДІ ҚОСПАҒАНДА, ҚАЛААРАЛЫҚ, ОБЛЫСІШІЛІК, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ЕМЕС (ТУРИСТІК) АВТОБУС ЖӘНЕ МИКРОАВТОБУС ТАСЫМАЛДАРЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ.

ЖАБЫҚ ЖАҒАЖАЙЛАР МЕН АКВАПАРКТАРДЫҢ, АТТРАКЦИОНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛАДЫ.

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ «АSHYQ»-ҚА ҚАТЫСАТЫНЫНА ҚАРАМАСТАН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ, САУДА ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ, САУДА ҮЙЛЕРІНІҢ, САУДА ЖЕЛІЛЕРІНІҢ, СПОРТ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ (СПОРТ КЕШЕНДЕРІНІҢ, СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНІҢ, СПОРТ КЛУБТАРЫНЫҢ, ЖАТТЫҒУ ЗАЛДАРЫНЫҢ), ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ, ФУДКОРТТАРДЫҢ (ТАМАҚ ЖЕТКІЗУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ), ФИТНЕС-ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ, ФИТНЕС-КЛУБТАРДЫҢ, ЙОГА-ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ, СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ, САУНАЛАРДЫҢ, МОНШАЛАРДЫҢ, СПА-ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ, БАССЕЙНДЕРДІҢ, КИНОТЕАТРЛАРДЫҢ, ТЕАТРЛАРДЫҢ, КОНЦЕРТ ЗАЛДАРЫНЫҢ, ФИЛАРМОНИЯЛАРДЫҢ, ЦИРКТЕРДІҢ, АЛАҢЫ 1000 М² АСАТЫН АЗЫҚ-ТҮЛІК ЕМЕС ТАУАРЛАРДЫ САТАТЫН ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ, АШЫҚ ЖӘНЕ ЖАБЫҚ БАЗАРЛАРДЫҢ, КОМПЬЮТЕРЛІК КЛУБТАРДЫҢ, БОУЛИНГТЕРДІҢ, БИЛЬЯРДТЫҢ, КАРАОКЕНІҢ, ТҮНГІ КЛУБТАРДЫҢ, БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ, БАЛАЛАР МЕН ЕРЕСЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҮЙІРМЕЛЕРДІҢ, БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ, БАНКТЕРДІҢ, ХҚКО-ЛАРДЫҢ, ҚАЗПОШТА БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ, ДІНИ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

ЖҰМЫС КҮНДЕРІ САҒАТ 17:00-ГЕ ДЕЙІН БАЛАЛАР ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ (ОЙЫН АЛАҢДАРЫ, ЖАБЫҚ ҒИМАРАТТАРДАҒЫ АТТРАКЦИОНДАР), САУДА ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ, САУДА ҮЙЛЕРІНІҢ, САУДА ЖЕЛІЛЕРІНІҢ, АШЫҚ ЖӘНЕ ЖАБЫҚ БАЗАРЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ШЕКТЕЛГЕН. ЖҰМЫС КҮНДЕРІ САҒАТ 17:00-ГЕ ДЕЙІН («ASHYQ» ҚАТЫСУШЫЛАРЫ – САҒАТ 20:00-ГЕ ДЕЙІН) ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ, ФУДКОРТТАРДЫҢ, ФИТНЕС-ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ, ФИТНЕС-КЛУБТАРДЫҢ, ЙОГА-ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ, СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ, САУНАЛАРДЫҢ, СПА-ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ, СПОРТ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ, БАССЕЙНДЕРДІҢ, КИНОТЕАТРЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ШЕКТЕЛЕДІ.

ВАКЦИНА АЛҒАН ЖӘНЕ СОҢҒЫ 3 АЙ ІШІНДЕ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚҚАН АДАМДАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, БАРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ 80% ҚЫЗМЕТКЕРІ ҮШІН ҚАШЫҚТАН ЖҰМЫС ІСТЕУ ФОРМАТЫ ЕНГІЗІЛЕДІ.

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ӨҢІРЛЕРДІҢ ӘКІМДІКТЕРІНЕ, ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕСУРСТАРЫН ЖҰМЫЛДЫРУ, ОНЫҢ ІШІНДЕ РЕЗЕРВТІК ТӨСЕК-ОРЫНДАРДЫ, ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ, ЖЕКЕ ҚОРҒАНЫШ ҚҰРАЛДАРЫН, МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР МЕН КАДРЛАРДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША БАРЛЫҚ ШАРАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫ ТАПСЫРДЫ. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖҰМЫСЫНА ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРУ КЕРЕК.

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ӨҢІРЛЕРДІҢ ӘКІМДІКТЕРІНЕ, ӘСІРЕСЕ МАҢҒЫСТАУ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТАРЫНДА ВАКЦИНАЛАУ ҚАРҚЫНЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ КҮРДЕЛІ. COVID-19-БЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛАР САНЫ АРТУДА. КОРОНАВИРУСТЫҢ ДЕЛЬТА ШТАММЫНЫҢ ӨСУІ БАРЛЫҚ АЙМАҚТА ТІРКЕЛГЕН.

ВИРУСТЫҢ РЕПРОДУКТИВТІК ИНДЕКСІ – 1,2, ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ТӨСЕК ОРЫН ЖҮКТЕМЕСІ – 43%, РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ ТӨСЕК ОРЫН – 35%.

КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУ ҚАРҚЫНЫ БОЙЫНША 12 ӨҢІР «ҚЫЗЫЛ АЙМАҚТА» ТҰР: НҰР-СҰЛТАН, АЛМАТЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛАРЫ, АҚМОЛА, АҚТӨБЕ, АТЫРАУ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН, ҚАРАҒАНДЫ, ҚОСТАНАЙ, МАҢҒЫСТАУ, ПАВЛОДАР ЖӘНЕ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫ.

«САРЫ АЙМАҚТА» АЛМАТЫ, ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТАРЫ, «ЖАСЫЛ АЙМАҚТА» – ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТАРЫ ТҰР.

БҮГІНГІ ТАҢДА 4,6 МЛН-НАН АСТАМ АДАМ НЕМЕСЕ ВАКЦИНА АЛУҒА ЖАТАТЫН АДАМДАРДЫҢ 46,5%-Ы БІРІНШІ КОМПОНЕНТТІ, 2,5 МЛН-НАН АСТАМ АДАМ ЕКІНШІ КОМПОНЕНТТІ АЛДЫ.