Қазақ даласының батыры-Күш атасы ҚАЖЫМҰҚАН

673
«Қазақ даласының батыры-Күш атасы ҚАЖЫМҰҚАН» атты жылжымалы көрме өтті
Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі ел Тәуелсіздінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын атап өту барысында Түлкібас ауданындағы Т.Рысқұлов атындағы аудандық өлкетану музейіне «Қазақ даласының батыры-Күш атасы Қажымұқан» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Көрме барысында Қажымұқанға байланысты құнды жәдігерлер мен құжаттар, өмір жолын айғақтайтын суреттер көрермен назарына ұсынылды.
Іс-шараға Қажымұқанның көзін көрген, өнер көрсету кезінде пайдаланған тасын 75 жыл сақтап, 2018 жылы музей қорына өткізген жүз жасаған қария Жаңыл Бекбауова апамыз қатысып, естеліктермен бөлісіп, батасын берді.