ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІБИЛІКТІ АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ 15 ҚЫЗМЕТКЕРІ ОҚУДАН ӨТТІ

129

Өрт қауіпсіздігі саласындағы кәсібилікті арттыру үшін 2024 жылдың қаңтар-ақпан айлар аралығында ҚР ТЖМ Шымкент қалалық оқу орталығында орман шаруашылығы мекемелерінің 15 қызметкерлері оқудан өткізілді. Қаладағы шыққан өртті уақытылы анықтау мен бақылау үшін екі орман шаруашылығы мекемелерінің теңгерімінде 5 дана бақылау мұнаралары, сондай-ақ Бадам орман шаруашылығы мекемесінде 1 дана фото және бейне-түсіру мүмкіндіктері бар пилотсыз ұшу айровизуалды аппараты бар.

2024 жылғы өрт қауіпті кезеңге ықтимал табиғи өрттерді жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1110,5 км құрайтын минералды жолақтарды жырту жұмыстары жоспарланған.

Бүгінгі таңға Республикалық маңызы бар жолдардың жанында 117 га минералды жолақтарды жырту жұмыстары жүргізілді.

Ал Департаментте, болуы мүмкін орман дала өрттерін сөндіруге жоғары өтімді 13 бірлік техника және 84 адам жеке құрамы ұдайы дайындыққа келтірілген.

ШЫМКЕНТТЕ ОРМАН ҚОРЫН ӨРТТЕН ҚОРҒАУ МАҚСАТЫНДА 20 ЖЕКЕ ҚҰРАМ ДАЙЫНДЫҚҚА КЕЛТІРІЛГЕН

Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесе «2024 жылдың өрт қауіпті маусымында Шымкент қаласы аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету іс-шаралар туралы» жоспары әзірленіп бекітілді.

Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының аумағында Шымкент қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысы әкімдігіне қарасты «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Екі орман шаруашылығының жалпы жер көлемі 4 мың 826 га, құрайды. Оның ішінде орманды алқабы 2 мың 999 га, ормансыз алқап 1 мың 827 га құрап отыр.

Қаламыздағы орман қорын өрттен қорғау мақсатында екі шаруашылықтың балансында, жалпы 4 бірлік негізгі өрт сөндіру техникасы, 14 бірлік бейімделген техника және 279 өрт сөндіру құралдары мен 6 бірлік мотопомпа бар. Қазіргі таңда, жабдықтау мен 20 жеке құрамы дайындыққа келтірілген.