«ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» МЕКЕМЕСІНІҢ ОРМАН ҚОРЫ ЖЕРІНДЕ ҚАЛАЛЫҚ ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІМЕН БІРЛЕСКЕН ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

75

2024 жылдың 15-16 мамыр күндері орман-дала өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылықтары мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылдарын пысықтау мақсатында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде «Жасыл белдеу» мекемесінің орман қоры жерінде қалалық төтенше жағдайлар департаментімен бірлескен өрт-тактикалық оқу жаттығу жұмыстары өткізілді.

Іс шараға азаматтық қорғау қызметінен жалпы 297 адам және 79 бірлік техника қатысты.

Сонымен қатар, орман қоры мен жасыл белдеу аумағында өрттің қауіпті екендігін ескертетін үгіт-насихат парақшалары таратылды. Бүгінде профилактикалық іс-шаралар өрт қауіпі бар маусымында тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағы аумағында өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында 2024 жылы 9 км минералды жолақтар жаңартылды және қураған ағаштарға санитарлық кесу жұмыстары, сонымен қатар, саябақ ішіндегі жолдардың екі беті 2-3 метр аралықта шөбі орылып тазаланып, келушілерге үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда саябақта өрт қауіпті маусымына орай МТЗ-80 және МТЗ-82 тракторлары соқаларымен және Газ-53 су тасымалдау көлігі дайындалды.

ШЫМКЕНТТЕ ОРМАН ҚОРЛАРЫНА ТӘУЛІК БОЙЫ ҒАРЫШТЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласы бойынша өрт қауіпті кезеңде орман аэровизуалды бақылау жұмыстарын жүргізуге арналған 5 дана пилотсыз ұшу аппараттары дайындыққа келтірілген.

«Казавияқұтқару» АҚ-ның тікұшақтарымен су алу үшін Бадам, Тогуз, Ақжар, Текесу су қоймалары су айдындарының кординаттары бекітілен.

Департаментте ашық ғаламтор желісіндегі «Қазақстан Ғарыш сапары» сайты арқылы орман қоры аумағына тәулік бойы ғарыштық мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде табиғи және техногенді сипаттағы өрт орын алған кезінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Төтенше жағдайлар және Шымкент қаласының полиция Департаментімен, сондай-ақ қала аумағындағы әскери бөлімдермен өзара әрекет ету іс-қимыл жоспарлары бекітілген.

Бірінші жарты жылдық профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу жоспарына сәйкес, Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі және Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ-не наурыз-сәуір айларында профилактикалық бақылау жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктерді жою туралы нұсқама ұсынылды.

2024 жылдың 15 – 16 мамыр аралығында Республикалық «Өрт – 2024» командалық – штабтық оқу – жаттығу аясында барлық мүделлі мекемелерді тарта отырып 1 Республикалық 4 аудандық кіріспе негізінде шартты орман өрттерін өшіру бойынша оқу жаттығу өткізілді.