ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЕЛІМІЗДЕ РЕПРАДУКТИВТІ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен елімізде Репрадуктивті апталығы өтуде. Шара аясында Шымкент қаласындағы өңірлік коммуникация орталығында баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясында қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенбаева Сәуле жастарға көрсетілетін медициналық көмектер турасында баяндады.
“Репродуктивті денсаулық апталығы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының маңыздылығы, жоспарланбаған жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды (ЖЖБИ) болдырмау әдістері туралы төмен хабардарлығы, АИТВ инфекциясы мен ЖЖБИ-дің таралуының өсуі, сондай-ақ жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын адам папиллома вирусының алдын алу қажеттілігі сияқты мәселелерді шешуге бағытталған. Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты Жастар денсаулық орталықтарына жыл басынан бері 11163 жас көмекке жүгінген. Оның басым бөлігі 10-14 жас аралығындағы жасөспірімдер”-деді Сауле Дүйсенбаева.
Айта кетейік, Жастар денсаулық орталықтарында 10-29 жас аралығында жастарға көмек көрсетіледі.
Орталыққа келушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік жағынан көмек көрсетіледі. Оның ішінде, отбасын жоспарлау, маскүнемдік пен нашақорлықтың, адамның иммун тапшылығы инфекциясының, эмоционалдық көңіл-күйлерінің, күйзелісті және құлазу жағдайларының, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі және құқықтық кеңестер беріледі. Және бастапқы медициналық-санитарлық көмек, диагностикалық-кеңес медициналық көмегі де көрсетіледі. Жастар денсаулық орталықтарының тиімділігі 10-29 жас аралығындағы тұрғындардың психикалық-әлеуметтік және медициналық проблеммаларын анонимді және уақытылы алдын алу болып табылады.