СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

79

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесіне орай, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы қалалық спартакиадасы спорттың 8 түрінен: шағын футбол, волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жүзу, шахмат, гір спортты бойынша өткізілді.

«Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы жарыс жеңімпаздарына жалпы 600 000 теңге қаржылай сыйақы қорын белгілеп, спорт ойындарының түрлері бойынша орындарға төмендегі мөлшерде табыстады.

— Кіші футболдан командаға І орынға — 80 000 теңге, ІІ орынға 60 000 теңге, ІІІ орынға 40 000 теңге;

— Волейболдан командаға І орынға — 80 000 теңге, ІІ орынға 60 000 теңге, ІІІ орынға 40 000 теңге;

— Үстел теннисінен ұлдар арасындағы І орынға 10 000 теңге;

— Үстел теннисінен қыздар арасындағы І орынға 10 000 теңге;

— Гір тасын көтеруден командаға (3 адам) І орынға 30 000 теңге;

— Жүзуден (2 ұл, 1 қыз) командаға (3 адам) І орынға 30 000 теңге;

— Қазақ күресінен жекелей ( -74 кг) І орынға 20 000 теңге;

— Қазақ күресінен жекелей (-82 кг) І орынға 20 000 теңге;

— Қазақ күресінен жекелей (-90 кг) І орынға 20 000 теңге;

— Қазақ күресінен жекелей (90+кг) І орынға 20 000 теңге;

— Тоғызқұмалақтан ұлдар арасындағы І орынға 20 000 теңге;

— Тоғызқұмалақтан қыздар арасындағы І орынға 20 000 теңге;

— Шахматтан ұлдар арасындағы І орынға 20 000 теңге;

— Шахматтан қыздар арасындағы І орынға 20 000 теңге.

Ережеде көрсетілгендей, жалпы командалық жарыс 5 спорт түрінен: шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, жүзу, гір тасын көтеру есептеледі.

Нәтижесі бойынша мына төмендегі командалар жеңіс тұғырынан көрінді:

— І-орынды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.Құранбек жетекшілік жасайтын «Жалын» командасы иеленді.

— ІІ-орынды Шымкент қаласы әкімінің аппараты командасы иеленді.

— ІІІ-орынды Абай ауданы әкімінің аппараты командасы иеленді.

Жеңістері құтты болсын!