ШЫМКЕНТ – ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ҚАЛА
Қала көркейіп, өсіп келеді. Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаевтың мәлімдеуінше, 2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 275,0 мың шаршы метрді құрайтын 3 382 пәтерлі 77 көп қабатты тұрғын үйдің, Тұран шағынауданынан 2 үй, Бозарықтан 42 үй, Ақжайық шағынауданынан 33 үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Баспасөз жиынында басқарма басшысы салада атқарылған нақты жұмыстар мен жетістіктер, алдағы жоспарлар туралы айтты.
Сондай-ақ, 144,1 млрд. теңгеге 103 жоба немесе 137 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 116 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Қалған 21 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі. Жоспарланған нысандардың қатарында 77 көп қабатты тұрғын үйден бөлек, 12 инженерлік инфрақұрылым жүйелері, 11 білім, 4 мәдениет, 2 спорт нысандары бар.
Басқарма басшысының айтуынша, биыл наурыз айында 77 тұрғын үйден 180 пәтерлі 2 тұрғын үй пайдалануға тапсырылса, 2 670 пәтерлі 66 үй – 62 кредиттік, 4 арендалық үй жыл соңына дейін беріледі. Ал, 712 пәтерлі 11 тұрғын үй – Ақжайық шағынауданынан 7 үй, Бозарық шағынауданынан 4 үйдің құрылысы келесі жылы бітеді. Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1900 пәтер сатып алуға бюджеттен 34,9 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 900 пәтер және халықтың әлеуметтік осал топтарына 1000 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарланған.
Құрылыс басқармасының мәліметінше, бюджет есебінен 11 білім нысанын салу жопарланған. Оның ішінде, №39, №50 мектептерге қосымша ғимараттар салу, Тұран шағынауданында салынып жатқан 500 орынды Оқушылар сарайы, Сайрам шағынауданындағы №10 колледжге қосымша 300 орынды ғимарат, №2 мектеп-интернатқа 40 орынды ғимарат, №8, 48, 80, 120 мектептерді күрделі жөндеуден өткізу, Шымкент аграрлық-техникалық колледжі ғимаратынның құрылысын осы жылы тапсыру жоспарланса, қалған 1 нысанның – Тельман бөлімшесіндегі 1200 орынды мектептің құрылысы 2025 жылға өтпелі. Бұдан бөлек, Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында 28 000 орынды 18 мектептің құрылысы жүріп жатыр.
– 2024 жылдың 5 айында 10 382 пәтерден 198 кемшілік анықталып, оның 188-і кепілдік мерзімге сәйкес мердігер мекемелер тарапынан қалпына келтірілді. Қалған 10 кемшілік бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, басқарма тарапынан келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін мердігер мекемелерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға 5,6 млн айыппұл салынып, өндірілді, – дейді құрылыс басқармасының басшысы Олжас Пердебайұлы.