Түркістандағы «Қамқорлық» оңалту орталығында қандай балалар ем қабылдайды?

101

Түркістан облысындағы «Қамқорлық» оңалту орталығы жылына 600 баланың емделуіне жағдай жасайды.

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының бастамасымен 2022 жылдың қаңтарынан бастап, мүмкіндігі шектеулі балаларға толықтай ем-дом шараларын көрсету мақсатында Түркістан қаласында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Содан бері орталық ерекше балаларға емдеп, отадан кейін ем-шарасын ұсынып, жұмыс істеп келеді. Облыстық бюджет қаржысына ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, медициналық құрылғыларды алуға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қолдау көрсеткен.

Орталықтың бөлім меңгерушісі, дәрігер невролог Лалахан Сайфуллаеваның сөзінше «Қамқорлық» оңалту орталығы Түркістан облысына қарасты елді мекендерден жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларды қабылдап, емдейді. Одан бөлек, арнайы бекітілген критерийлерге сәйкес келсе жүрегінде ақаумен туылған балалалар отадан кейін ем-шарасын қабылайды. Көбінесе орталыққа сал ауруы бар балалар мен ақыл ойы мен тілі кеш дамыған балалар емделеді.

«Бізде балалардың толықтай ем қабылдауы үшін Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Австрия, Италия, Қазақстан және Ресейден шыққан заманауи жоғары технологиялық құрылғыларымен жабдықталып, кешенді оңалтудан өтуге толықтай жағдай жасалған. Атап айтар болсақ, тұз шахтасы, шунгит бөлмесі, эрготерапия, сенсорлық бөлме, механотерапия, бальнеотерапия, интерактивті бөлме, емдік дене шынықтыру, ойын бөлмелері бар. Барлық бөлме баланың оңалуына үлкен әсер беретін құралдармен толықтай жабдықталған. Орталықта невролог, психолог, реаблиотолог, эрготерапевт, дефектолог, ЕДШ нұсқаушысы және басқа да білікті мамандар қызмет етеді»,- дейді дәрігер.