Патернализм инерциясы: масылдық психологиясының себебі неде?
Түркістан облысының тұрғындарының назарына қоғамдағы патернализм инерциясының өршіп жатқанын түсіндіреміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында әлеуметтік-демография саласы, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау, оларға құрметпен қарау, ерекше қажеттілігі бар жандар үшін инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мәселелеріне басымдық беріп келеді. Бұл саладағы өзгерістер мен толықтырулардың нәтижеге бағытталуы үшін тек Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдары ғана емес, сонымен қатар жалпы әлеумет қоғамдық сананы қалыптастыруға жұмыла күш салуы қажет. Алайда бұл «Үкімет өлтірмейді» деген масылдыққа алып келмеуге тиіс.
Нарық заңдылығына сәйкес, патернализм жағдайые тиіс, нда оптималдық тепе-теңдік сақталған жөн. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі» атты Жолдауында осы мәселе қадап айтылды.
Бүгінгі қоғамда патернализм инерциясының өршіп жатқанын көріп отырмыз. Қазақстан секілді дамушы мемлекетке «мен еліме не бере аламын, қалай пайдалы боламын?» деген көзқарастағы еңбекқор жастар керек. Өйткені жаһандық өркениетте масылдық пен жалқаулық Мемлекет басшысы алға қойған стратегиялық міндеттер мен саралау позициясына қайшы келеді.
Басты себеп мынада: нарық құрылымы өзгерген сайын экономикалық сұраныс құндылығы инновациялық стратегияларға көшеді. Бұл ретте әлеуметтік көмекпен ғана жан бағып жүргендер мен еңбекке жат «мемлекет міндетті» деген қағиданы ұстанушылар – нарық кеңістігінің шекаралары кеңейген уақытта, Президентіміз басымдық берген озық стратегияның жүзеге асуынан бұрын шығындарды көбейтуге жол ашады.
Мемлекет басшысы әлеуеті осал топтағыларды қолдау мен құқығын қорғау мәселесінде де нарықта бәсекенің маңыздылығын арттыру масылдықты жоятын жүйелі тәсіл екенін белгілеп отыр. Жалпы қоғам үшін алдымен құндылық серпілісі басты орында болуға тиіс.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде психолог мамандар көпшілікке «ешкімнен ештеңе күтпе!» деген қағиданы тіршілігінде ұстану керек алтын ереже деп көрсетіп жүр. Жөн-ақ. Бұл мүмкіндігі шектеулі, ерекше қажеттілігі бар, әлеуметтік осал топтағылар үшін емес, ел дамуын