ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ

127

«AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалында «Халыққа көмек» бірыңғай әлеуметтік терезе» партиялық жобасы аясында «Құқықтық көмек» бағыты бойынша ауыл тұрғындарының құқықтық білім деңгейін арттыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында қоғамдық қабылдау өтті.

Қабылдау жүргізген Түркістан – Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң консультанты Сейіт Ғабит Ақжігітұлы алдын ала жарияланған хабарландыру арқылы өтінішпен келген азаматтарды қабылдады.

Келіп түскен өтініштер: иелену мерзімі, заңгерлік кеңес алу, т.б. жүгінді.

Түскен өтініштерге Қазақстан Республикасының заңы аясында кеңестер берілді.

«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында алдағы уақыттарда да қабылдау өткізілетін болады.