Біз мұқтаждық пен масылдықтың аражігін ажырата білуіміз керек

119

Түркістан облысының тұрғындарының назарына Бмұқтаждық пен масылдықтың аражігін  ажырату керектігі жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру бағытында саяси жаңғыруды, елімізді дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау және қоғамды одан әрі демократияландыруға арналған бірқатар маңызды бастамалар жөнінде атап айтты:

«Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан, қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – басты міндеттердің бірі. Алайда, қоғамда патерналистік көңіл күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алуда. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес. Мұндай адамдар кез-келген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек. Осындай жағдайлар «мемлекеттен ала берсем» деген көзқарас қалыптастырды. Ал, көмекке шынымен мұқтаж жандар, өкінішке қарай, әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатыр.Әрине, біздің еліміздің мүмкіндіктері зор, бірақ оның да шегі бар. Ең бастысы, әлеуметтік жеңілдікке ие болсам деген орынсыз пиғыл адамды өз еңбегімен табыс табу қабілетінен айырады. Мұндай жағымсыз өмір салты ұрпақ тәрбиесіне қазірдің өзінде кері әсер ете бастады. Сондықтан, бізге түбегейлі өзгеріс керек. Заң да, қоғам да, адамдардың сана-сезімі де өзгеруге тиіс» – деді Президент.

Отанымыздың дамуының негізгі және маңызды факторы- Еліміздің рухының, санасының жаңаруы деп айтуға болады. Ұлттық өрлеудің, экономикалық дамудың бір жауы – әлеуметтік масылдық. Жаппай масылдыққа бет бұрған ел – жарқын болашағының негізін өзі қалай алмай, өзгеге жем болады. Қазақстандықтарды балабақшадан, орта білім ордасы қабырғасынан бастап, адал еңбекке баулу, масылдықтан жиренту қажет.Еңбек етпей, елден көмек күтетіндер көбейіп кетті. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, қазіргі кезде Қазақстандағы жұмыссыздар саны 443,2 мың адамды, ал жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрайды.Кейінгі кезде мемлекет тарапынан бөлінген түрлі көмектерді сіңіріп кеткісі келетіндер де аз болмай отыр. Осыған байланысты “масылдық пен мұқтаждықты ажырату” туралы да пікірлер жиі айтыла бастады.Мемлекет басшысы бұл туралы да арнайы тоқталған еді.

– Біз мұқтаждық пен масылдықтың аражігін ажырата білуіміз керек. Тек Үкімет тарапынан бөлінетін жәрдемақыға қарап өмір сүруге болмайтынын әр азамат түсінген жөн. Балаларға мемлекеттен солардың өздеріне жұмсау қажет. Қоғамда кәсіппен айналысу идеясын насихаттай беру маңызды. Адал еңбегімен табыс табатын кәсіпкер мемлекеттің тірегі, – деп көмекті тек мемлекеттен ғана күтпей, жеке кәсіп арқылы табыс табудың жолын табуға болатынын атап өтті.