БІЛІМДІ ЖАСТАР- ҰЛТТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ
ХХІ ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры болғандықтан оқушыларға ғылым негіздерін оқытып қана қоймай, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, еңбек етуге үйретуіміз керек. Сондықтан да мұғалімнің басты мақсаты — оқушылардың білімі мен біліктілігінің қалыптасуына жағдай жасау, шығармашылықпен айналысу.
Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Ия, болашақ — білімдінің қолында. Білімді ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы. Осыған орай ауданымызда ашылып жатқан «ҒАЛАМАТ грант» білім беру орталығы 5-тамыздан ҰБТ, ТЕСТ-ке 10-11 сынып оқушыларын дайындауда.
Қазіргі таңда білім беру орталығында 60 оқушы ауданымыздың ең үздік мұғалімдерімізден дәріс алуда. Негізі 150 оқушыға арналған білім орталығы қыркүйек айынан толықтырылып және 5-6-7 сынып оқушыларына қосымша сабаққа (орыс тілі, ағылшын тілі, математика пәндері бойынша) жұмыс жасайды.
«ҒАЛАМАТ грант» білім беру орталығының бір ерекшелігі әр апта сайын бақылау тест алынып, жеңімпаз анықталып отырады екен. Айлық жеңімпаз келесі айдың тегін оқу грантын жеңіп алса, ең жоғары балл жинаған оқушыға «Айфон» телефонын ұтып алу мүмкіндігі бар және жеңімпаз оқушының мектебіне қаржылай сыйлық беріледі. Барлық кабинеттер соңғы технологиялық құралдармен заман талабына сай жабдықталған. Білім алып оқимын деген оқушыға барлық жағдай жасалған.
Білім беру орталығының директоры Тайбағарова Алмира Нұржанқызына жаңа оқу жылымен құттықтай отыра, ауданымыздың атын шығаратын білімді ұрпақтарды тәрбиелеп шығаратынына сенімдіміз.
Гүлжазира Мамасерікова,
Т.Ибрагимов атындағы білім беретін
жалпы орта мектебінің мұғалімі.