Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылар жұмыстар барысы баяндалды

749

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасовтың ақпаратына сәйкес, биыл жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қала көшелерінің 215 шақырымына суық пластик және акрильді бояумен жол таңбаларын сызу жоспарланып, атқарылуда.

Жол қозғалысын автоматты режимде реттеу үшін 20 жол қиылыстарына бағдаршамдар орнату, 16 орынға белсенді жаяу жүргіншілер өткелін салу, 2500 дана жол белгілерін орнату жұмыстары жоспарланып, іске асырылуда. Жол қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша полиция департаментінен 700-ден астам ұйғарым түсіп, олардың 80 пайызы атқарылған.

Қоғамдық көлік қатынасында автобустар паркі бір мың дана техникаға жетеді. Оның ішінде 600 жаңа автобус маршруттарға шығарылса, жыл соңына дейін қала тасымалдаушылары тағы 290 дана жаңа автобуспен толығады. Нәтижесінде қаланың қоғамдық көліктер паркінің жаңаруы 80 пайызды құрамақ.

Жолаушылар тасымалы бойынша 78 маршруттық кесте бекітілген. Оның ішінде 29 маршрут ішкі орамдық қоғамдық көлік қатынасына жатады. Қала бойынша 57 маршрут әлеуметтік мәні бар қатынастар санатына енгізілген.