МӘМС аясында тіркелген пациенттер диспансерлік есепке алынған жағдайда тегін дәрі-дәрмек ала алады

14

Шымкент қаласындағы №6 қалалық емханада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы науқастарға тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүргізіледі. МӘМС аясында тіркелген пациенттер диспансерлік есепке алынған жағдайда тегін дәрі-дәрмек ала алады.
«Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ — 75 бұйрығына сәйкес емханада дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры бар екені де хабарланған. Бұл дәрі-дәрмекке ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы препараттар, антибиотиктер және басқа да маңызды дәрілер кіреді.
Дәрі-дәрмек алу үшін пациент МӘМС жүйесіне тіркеліп, тиісті сараптамалар мен дәрігерлердің қорытындысымен диспансерлік есепке алынуы қажет.

Адырбекова Гулсим Орынбасарқызы,
Шымкент қаласы 6 қалалық емханасының дәрілік заттар қамту бөлімінің меңгерушісі