ORDABASY: КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

36

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткізілді. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшыларымен ауыл округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіне негізгі үш мәселе қарауға енгізілді.

— Каналдарды механикалық тазалау жұмыстары бойынша аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков баяндама жасады.

Каналдарды тазалау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талданып, олардың сапасын жақсарту үшін қосымша шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.

— «Таза су» МКК-ның директоры Асан Құрымбек атқарған жұмыстарын айтып өтті.

«Таза су» МКК-ның 2025 жылға арналған жоспарлары мен міндеттері сараланып, ауыз судың сапасын арттыру және қолжетімділікті кеңейту бойынша нақты ұсыныстар енгізілді.

— Шегірткеге қарсы залалсыздандыру туралы аудандық филиалдың басшысы Зиябек Қуаныш атқарылатын жұмыстарды хабарлады.

Аудан аумағындағы шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізіліп жатқан залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігі талқыланып, жауапты мекемелерге бұл шараларды уақытында және сапалы орындау тапсырылды.

Қосымша мәселелерде жан жақты талқынап, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.

— Қоғамдық-саяси ахуал

Аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау және тұрғындармен тиімді байланыс орнату қажеттігі атап өтілді.

— Абоненттерді табиғи газ бен ауыз су жүйесіне қосу

Аудан тұрғындарын табиғи газ және ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі көтеріліп, жұмыс қарқынын жеделдету жөнінде тапсырмалар берілді.

— «Таза Қазақстан» акциясы

Экологиялық акция аясындағы жұмыстардың нәтижелері талданып, қоршаған ортаны қорғау бойынша қосымша іс-шаралар жоспарланды.

Мәжіліс барысында аудан басшысы барлық бағыттар бойынша жауапты тұлғалардың баяндамаларын тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеді. Ауданның дамуына бағытталған бұл мәселелердің уақтылы және сапалы орындалуы бақылауға алынатынын атап өтті.