ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ: ӨСУ, ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

15

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап баспасөз-конференциясын өткізді.

Жиында Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сөз қозғап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды.

Түркі дүниесінің рухани, туристік астанасы — Түркістан қаласының халық саны соңғы үш жылда 23,9%-ға артып 2024 жылдың 1 желтоқсанда 236 954 адамды құраған.

Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі облыс орталығы болғалы 4,5 есе өсіп 2023 жылы 370,8 млрд.теңгені құраса, 2024 жылға өсім 14,4%-ды құрап, 452,6 млрд.теңгеге жетті.

Сондай-ақ, қала экономикасының өсім драйвері инвестиция тартымдылығы — соңғы 4 жылда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1,3 трлн.теңгені құрап, оның ішінде 46 пайызы жеке инвестиция есебі көрсеткішіне жеткен.

Бүгінде қаламызда жалпы аумағы 310 га құрайтын 2 өндірістік аймақ бар. Оның ішінде 1 арнайы экономикалық аймақ аумағы 180 га, бүгінгі таңға жалпы құны 126 млрд.теңгені құрайтын, 3050 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 15 жоба қарастырылып отыр.

Сондай-ақ, жалпы аумағы 190 га құрайтын 1 индустриалды аймақ жұмыс істейді, бүгінгі күнде аймақта жалпы құны 10,5 млрд.теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылған. Алдағы жылдары құны 15,8 млрд.теңге болатын және 525 адамды жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар 19 жоба іске асыру жоспарлануда.