АУДАН ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

46

Аудан басшысы Азат Оралбаев Ордабасы аудандық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында аумақтағы өзекті мәселелер талқыланып, ауданның дамуына қатысты жоба-жоспарлар, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

Кездесуде сөз бастаған аудан әкімі кеңес мүшелерінің қоғамдағы рөлінің зор екенін атап өтті. Бүгінгі күні атқарылып жатқан түрлі салалардағы жұмыстарға тоқталған аудан басшысы алдыда бірқатар маңызды міндеттер тұрғанын айтып, «аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық дамуына бірлесе жұмыс атқара береміз» деді. Өңірдің өркендеуі үшін бірлік пен ынтымақ басты құндылық болуы тиіс екенін жеткізді. Аудан басшысы бұған дейін басталған игі жұмыстардың жалғасатынын, алдағы жобалар мен жоспарларға айрықша көңіл бөлінетінін айтты. Алдағы уақытта да қоғамдық кеңес мүшелері белсенді жұмыс атқарып, қолдау көрсететініне сенім білдірді.

Қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкіміне қазіргі таңдағы жетістіктер үшін ризашылық білдіріп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, мәдениет, ономастика салалары бойынша ұсыныс-пікірлерін айтты. Жергілікті биліктің бастамаларын қолдайтынын, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Кездесуді түйіндеген аудан басшысы отырыстағы барлық ұсыныс-пікірлер ескеріліп, арнайы жоспарға енгізілетінін атап өтті. Қоғамдық кеңес мүшелеріне осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтып, алдағы күнде табысты қызмет етуге тілек білдірді.