ТАРИХТЫ НАСИХАТТАУ-ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ

Бүгін аудандық мәдениет сарайында Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві мекемесінің Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 80 жыл толуына орай «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты жылжымалы құжаттық көрмесі өтті.
Көрменің негізгі мақсаты оңтүстік өлкесінен Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігін үлгі ете отырып, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, батыр ата-баба рухына тағзым ету, майдандағы және тылдағы теңдесі жоқ ерлік шежіресінің, қайсарлық пен қаһармандықтың жарқын айғағы ретінде архив қорында сақталған құжаттар негізінде дайындалған құнды ақпараттарды насихаттау, аудан бойынша нақты мәліметтермен таныстыру.
Жылжымалы құжаттық көрме көрермендерге ауданымыздан 1941-1945 жылдарда майданға аттанған жауынгерлердің жанкешті ерліктеріне арналып жинақталған фотоқұжаттар мен жеке тектік құжаттарды таныстырды.
Сонымен қатар жас жеткіншектерге арналған ізденушілер форумы ұйымдастырылды.
Бұл маңызды шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен бастау алды. Одан әрі архив қорындағы Түркістан облысының соғыс ардагерлері туралы слайд пен архив мекемесі қызметкерлерінің Германия еліндегі Заксенхаузен, Дахау, Эренхайн Цайтхайн Концентрацилдық лагерлеріне жасаған іс-сапары нәтижесінде дайындалған фильм көрсетілді.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз бен Түркістан облысының қоғамдық-саяси, тарихи архиві мемлекеттік мекемесінің басшысы Г.Шардарбекова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей сөз сөйлеп, қатысушыларға ерліктің мәні мен тарихын, елдің батырларына құрмет көрсетудің маңыздылығын тереңірек түсіндірді.
Бұл іс-шаралар жастарды патриотизмге тәрбиелеп, ел тарихына деген қызығушылықты арттыруға зор үлес қосады.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі