Қаратау ауданында мобильдік топ мониторинг жұмыстарын тұрақты жүргізуде

488

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Қаратау ауданы аумағында мобильді топ аудан аумағында күндіз және түнгі уақытта да рейдтік іс-шараларды атқаруда.

Кезекті мониторинг барысында ауданда көптеген кәсіпкерлік нысандары карантиндік талаптарды қатаң сақтай білсе, бірқатар нысандар шектеу шараларының талаптарын орындамай, сенбі-жексенбі күндері де жұмысын жүргізгені анықталды.

Жалпы анықталған кемшіліктерге аудандық мобильді топ тарапынан ескерту беріліп, нысан иелерінен түсініктеме алынды.

Барлық түсініктемелер арнайы шара көру мақсатында құзырлы мекемелерге жолданды.