Түркістан жастарына үндеу: Патриотизм – сенің таңдауың, сенің борышың!

Бүгінгі жас – ертеңгі ел тірегі. Түркістандай қасиетті топырақта өмір сүріп, білім алып, еңбек етіп жүрген әрбір жас азамат ел алдында үлкен жауапкершілік арқалайды. Бұл жауапкершіліктің ең биік көрінісі – нағыз патриот болу. Патриотизм – тек сөзбен шектелмейтін, жүректен бастау алатын, іс-әрекетпен дәлелденетін ұлы ұғым. Түркістан – түркі халықтарының рухани ордасы, күллі Алаш жұртының киелі шаһары. Мұнда өткеннің өнегесі мен болашақтың бағдарын біріктіретін ерекше рух бар. Бұл рух – елге деген шексіз махаббаттан, ұлттық құндылықтарға деген құрметтен, бабалар аманатына адалдықтан туындайды. Сондықтан Түркістанда өсіп, қалыптасып жатқан әрбір жастың бойында елжандылық қасиет ерекше болуы тиіс. Біз – Тәуелсіз елдің ұрпағымыз. Азаттықтың арқасында өз тілімізде сөйлеп, көк байрағымызды желбіретіп, өз тарихымызды айшықтап отырмыз. Енді осы егемендікті көздің қарашығындай сақтау – жастардың тікелей парызы. Патриотизм – туған жерді сүюден, мемлекеттің рәміздерін құрметтеуден, әділетті қоғам құруға атсалысудан басталады.
Жастарға патриоттық тәрбие беру — бұл еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі. Өз елінің патриоты болу — өзінің ар-намысы және жеке қадір-қасиеті бар кез келген адам үшін әрқашан құрмет. Бұл ретте нық дамып келе жатқан мемлекетте патриоттық тәрбиеге тек шығармашылық үрдіс деп қана бағалауға болмайды. Бұл сонымен қатар еліміздің болашағы жастар үшін күрес, қылмыс пен нашақорлыққа, ішімдікке салынумен және экстремистік пиғылға қарсы күрес. Азаматтарға патриоттық тәрбие беоу бағдарламасының мақсаты жастардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, патриоттық тірбие жүйесін мақсатты түрде дамыту арқылы оларды Отан мүддесін қорғау жөніндегі азаматтық парызы мен конституциялық міндеттерін орындауға даяр болуға тәрбиелеу. Отанға, өз xалқына арналған сүйіспеншілік жас өспірімдердің санасында басқа xалықтарға деген терең құрмет білдіру сезімімен ұштасып жатуы тиіс. Оқушылардың алған әсері айтарлықтай болды. Іс-шара соңында бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары оқушыларға білімде табысқа жетуді, Отанғв сүйіспеншілікпен қарауды тіледі. Авторлар атап өткендей патриоттық тәрбие бөлімінің ұшқыштар құрамын оқыту үрдісінде маңызды рөл атқарады.